Жарияланды: 50

Құқық қорғаушы Алматыдағы мектепте 1-сынып оқушысының зорланғанын мәлімдеді

Құқық қорғаушы Алматыдағы мектепте 1-сынып оқушысының зорланғанын мәлімдеді

Бірінші сынып оқушысын Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смайылова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласы, жекеменшік мектеп, сыныпта 12 баладан, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған! Мұғалім баланы жібере салған және одан қорқынышты ештеңе көрмеген!", - деп жазды қоғам белсендісі.

Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Смайылова президентке ашық хат жолдады. Ол мемлекет басшысынан кінәлі адамдардың барлығы жазасын алу үшін ықпал етуді сұрады.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Telegram-каналында баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына сәуірдің 21-і күні арызданғанын хабарлады.

Сол күні арыз Қылмыстық кодекстің 121-бабы төртінші бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды.

Тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып жүргізіледі.

Қылмыстық істі тергеу барысын Алматы қаласы полиция департаменті бақылауға алды, деп хабарлады Әбдірахманов.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін