Құралай Мирасты тастап кетпекші болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құралай Мирасты тастап кетпекші болған

Құралай Мирасты тастап кетпекші болған

4 жыл бала сүйе алмаған Құралай Мирасты тастап кетпекші болған.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 3194
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мирас пен Құралай “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

Сырт көзге көңілі тоқ, ешқандай уайымы жоқ болып көрінетін танымал жұлдыздардың да басынан небір қиыншылықтар өткен. Мәселен, бүгінде ел қызыға қарайтын жұлдызды жұп Мирас пен Құралай бір кездері айырылысып кетпекші болған. Оған себеп ерлі-зайыптылардың 4 жыл бойы бала сүйе алмауы.

“Сырт көзге жарқырап көрінгенімізбен, біздің де өмірімізде қиыншылықтар болды. Тіпті, болғаны соншалық, біз Құралай екеуміз айырылысып кетуге сәл-ақ қалдық”, – деп бастады әңгіменің әлқиссасын Мирас.

Дәрігерлер Құралайға “ешқашан бала таба алмайсың” деп кесіп айтқан. Дәл осы себепті әнші Құралай күйеуін еркіне жібермекші болыпты.

“Құдайға шүкір, ата-анам бір сөз айтқан жоқ, бір мінез көрсеткен жоқ. Сөйтіп жүргенде дәрігер Құралайға: “Сіз ешқашан бала сүйе алмайсыз”, – деп кесіп айтты. Мен ол дәрігердің атын да айтуға ұяламын, қазір жоғарғы жерде отырған адам. Содан кейін Құралай жылап: “Сен дені сау бір қызға үйлен, мені жібер. Семейге кетейін, сенің жолыңды байлап не істейін?” – деді. Бақытты отбасы болу үшін әрине, бала керек. Құралай жібер дейді, 4 жылда үйреніп қалдық, жақсы көремін. Бір мүшемді кесіп тастағандай болды. “Балалы бола алмайсың, сол үшін кет”деп қалай айтамын? Менің мінезім ондай емес, жібермедім.

Сөйтіп Астанаға келіп, аспирантураға түстік. Бір күні Астана көшесімен келе жатып, “Отбасын жоспарлау орталығына” тап болдық. Былай қарасаңыз, біздің емделмеген жеріміз жоқ. Ал негізінде екеуміздің қанымыз сәйкес келмепті. Кірдік, қанымызды алды. Дәрілерді берді, бір айдың ішінде Құралайдың аяғы ауыр болып кетті”, – деп еске алды Мирас.


Мирастың Құралайы 4 жыл ішінде небір қиындықты бастан кешкенін айтады. Алайда ештеңеге қарамастан жанына демеу болып, қолдау көрсеткен жарына деген Құралайдың ризашылығы шексіз.

“Бұл жерде Мирастың айтып отырғаны махаббат. Ал сіз қазіргі жастар ақшаға, көлікке қарайды дейсіз (авт. бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызына). Білмеймін, ол қыз ертең бала көтере алмаса, жігіт оған “қош бол” дейді. Себебі арада махаббат жоқ. Сондықтан қолдан келсе жақсы көретін адамға тұрмысқа шығу керек”, – деп жастарға кеңесін айтты Құралай.

Айта кетейік, жұлдызды жұп бастан өткен оқиғасын арқау етіп, жуырда “Мәңгілік сыңарым” атты бейнебаянның тұсауын кескен болатын.

Соңғы жаңалықтар