Құрамынан қорғасын табылған Maggi кеспесінің қоры жойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрамынан қорғасын табылған Maggi кеспесінің қоры жойылмақ

Құрамынан қорғасын табылған Maggi кеспесінің қоры жойылмақ

Nestle компаниясы Үндістан билігінің Maggi кеспесінің сатылуына салған тыйымынан соң

  • 17 Маусым 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz


құны $50 млн. астам тұратын аталған тағам қорын жоймақ, деп хабарлайды Би-би-си. 

Айта кетейік, үнді билігі бұдан бұрын елде көп тұтынылатын аталған макарон өнімдерін денсаулыққа зиян деп танып, Nestle компаниясын азық-түлік қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айыптаған болатын. Компания бұл тыйымға қатысты мәселені Мумбайдың жоғарғы сотында даулап жатыр. 
Бұған дейін Үндістанның бірнеше штатында Maggi өнімдерінің құрамынан мөлшерден тыс қорғасын табылғаны туралы жария етілген соң компания өз өнімдерін дүкен сөрелерінен ала бастаған. Сондай-ақ өнім құрамынан оның қаптамасында көрсетілмеген натрий глутаматы анықталған. 
Nestle басшысы Пол Бал зертханалық тестілерді мұқият зерделеп, өз өнімдерін дүкен сөрелеріне қайта қайтаруға ниетті. 
Жылдам дайындалатын бұл кеспе өнімі Үндістан нарығының 80%-ын жаулап алған.