Құрбанның екі-ақ пайдасы бар: Бірі етін жегізу, екіншісі сорпасын ішкізу": Құрбан шалу арабтан келген бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбанның екі-ақ пайдасы бар: Бірі етін жегізу, екіншісі сорпасын ішкізу": Құрбан шалу арабтан келген бе?

Құрбанның екі-ақ пайдасы бар: Бірі етін жегізу, екіншісі сорпасын ішкізу": Құрбан шалу арабтан келген бе?

Құрбан шалу өзге елдің салты ма, дәстүрі ме, әлде, әр мұсылманның парызы ма? Әлеуметтік желіде құрбан шалу қызу талқыланды. 

  • 1 Шiлде 2023
  • 2156
Фото - Caravan.kz

Мұсылманның парызын жоққа шығарып, талдаған Тортуыл Шоқан оқырмандарының көңілінен шыққан сыңайлы, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

"Шалынған құрбандықтан екі-ақ пайда бар:
Бірі, біреуге етін жегізесің;
Екіншісі, сорпасын ішкізесің, болды!

Қой сорлыға тіл бітсе—еститініміз алғыс емес әрине..

Қоғамды өрге сүйреуі тиіс кейбір адамдардың жұртты құрбан айт пен құттықтап отырғандарын көріп— қынжылдым.

Малға бай адамдарды құдай мен қорқытып құрбандық шалдырудағы негізгі мақсат— кедей-кепшікке қарасуы үшін еді.
Белгілі формулаға шағылып шығарылған есебі де бар.
Қазіргінің байы бір бастан артық мал соймайды.
Бір кедей қазақ малын қымбатқа сатса—соны бір кедей қазақ қымбатқа алып жатыр.
Ортада ұртын майлап отырған паразиттерді айтсаңшы.

Қазақ қиналған ағайынына бір сойысты құрбан айтсыз ақ береді.


Малы қырылған, басына күн туған адамға жылу көмек те жинап беріп отырған.
Араптың діні келмей тұрып қазақ ел болған еді, бәрін ұмыттық..

Қысқасы, естілері аз елдің ертеңі бұлыңғыр, ағайын", деп жазды. 

Бұл пікірді қолдаған оқырмандар саны көп болды. 

"Әй,осы Шоқан бауырым, шындықты айтады,анда-санда рыза болып қаласың жазған пікірлеріне", "Ойлан қазақ, қойыңды бауыздай бермей!", "Құрбандыққа арсыз молда имамдарды шалса құп болар", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар