"Құрбым күйеуін бұрынғы әйелінен сатып алды" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрбым күйеуін бұрынғы әйелінен сатып алды"

"Құрбым күйеуін бұрынғы әйелінен сатып алды"

Жұмыстан қолым қалт ете қалғанда осы сайттағы қызықты оқиғаларды оқып шығам. Адам болған соң түрлі тарихтың болатыны да заңдылық қой. Осы ретте менің есіме құрбымның батыл әрекеті түсе кетті. Сіздерге қызықты болса жарияларсыздар.

  • 17 Сәуiр 2019
  • 91
Фото - Caravan.kz

Айжамал екеуміз он бір жыл бірге оқыдық. Бір партада отырдық. Оның қайсар мінезі бар еді. Өз дегеніне жетпей қоймайтын. Ол ауылда оқып жүрген бала кезімізде "мен қалада тұрам, ыстық суы бар. Өзім сүйген адамды ақшаға сатып алсам да өзіме қаратып алам" дейтін. Мен оның сөзіне мән бермесем де, күле тыңдайтынмын.

Астанада оқығанда (қазіргі Алматы) Айжамал жігіт атаулыға мүлдем назар аудармады. Ешкімге көңіл бөлмеді. Мектепте оқуға аса көңіл бөлмеуші еді, ел астанасына келгелі кітаптан бас алмайтын болды. Бар білгені оқуы мен Пушкин атындағы кітапхана болатын. Дипломын қолына алған соң Айжамалдың айы оңынан туды. Ол бірден жеке бизнеске кетті. Мемлекеттік деңгейдегі тұлғалармен жұмыс істеді. Арамызда ең бірінші болып сол шетелдік көлік мінді, керемет үй алды. Біздің қолымыз бала жаялығынан құрғамай отырғанда Айжамал ата анасынан бастап бауырларына дейін жағдайларын жасап, бәрін Алматыға көшіріп алды.

Өкініштісі Айжамал жасы отыздан асқанша отбасы құрау туралы ойланбады. Ойланған да болар, бірақ кездескен кезде жігіт туралы әңгіме қозғасақ басын ала қашатын. Өзінің тендер жайлы әңгімелерін бастап, бизнесі жайлы әңгімеге ауыса жөнелетін.

Бір күні Айжамал менің үйіме келді. Шай іштік, әңгімелестік. Оның бірдеңе айта алмай, қипақтап отырғанын ішім сезді. "Не болды, Айжамал? Сен бірдеңе айта алмай отырсың ғой" дедім құрбыма. "Ия, саған айтар бір әңгімем бар. Қалай айтарымды білмей отырмын" деді ол.

Сөйтсем, Айжамал бір жігітке ғашық болып қалыпты. Жасы отыз беске жеткенде айтқан жігіт жайлы әңгімесі маған қызық көрінді. Содан, құрбымның әңгімесінен ұққаным, ол жігіттің әйелі бар екен. Бірақ араларында бала жоқ. Үйлеріндегі ұрыс үнемі осы тақырыптан шығады екен. Айжамалды ол да ұнатып қалыпты. Содан екеулері жарасып жүре бастайды. Енді сол жігіттің әйелімен ашық сөйлесу керек екен. "Сен менімен бірге жүрші Жанар" деді Айжамал қиыла өтініп. Құрбымның өтінішін жерге тастай алмадым.

Сонымен, біз ертесі Жәнібектің (Айжамалдың жарасым тапқан жігіті) үйіне бардық. Қала шетінде екен. Екі бөлмелі жұпыны пәтер. Жәнібек пен әйелі заңды некеде демесек, Жәнібек соңғы бір ай бойы Айжамалмен бірге тұрып жатқан еді. Есікті жұқалтаң өңді ақсары келіншек ашты. Төргі бөлмеге өттік. Жәнібектің келіншегі сабырлы екен. Әлде басына түскен қиыншылықтан әбден қажыған ба, үнсіз бізге қарап тұрды.

Айжамал Сараға (келіншектің есімі) бар жағдайды түсіндіріп айтты. Қазір Жәнібек өзімен бірге тұрып жатқандығын да ескерте кетті. "Қысқасы сен қарсы болмасаң біз Жәнібек екеуміз үйленсек деген шешімге келдік. Өз еркіңмен Жәнібекті маған бер. Сенің ауылда ауырып жатқан әкең барын да білем. Оны емдеуге қаржыларың жетпей жатқан секілді. Мен қаражат жағынан көмектесем. Тек бізді қарғай көрме замандас. Жәнібекті тексерттім, араларыңда бала болмауы сенен секілді. Енді еркектің бағын байлама. Кез келген еркек бала сүйгісі келеді. Жәнібектің де ұл мен қыздың қылығын қызықтауға қақысы бар ғой" деген кезде Сара еңкілдеп жылап жіберді. Айжамал екеуміз оны жарты сағатқа жуық әзер дегенде уаттық.


Бетін жуып, су ішкен Сара біршама сазарып отырды. "Жәнібектің қырсық мінезіне шыдай алсаңыз бердім сізге. Ажырасу туралы арызды өзім жазам. Ал әкеме көмектесем десеңіз өзіңіз білерсіз. Қолыңызды қақпаймын. Жәнібекке айтарсыз, мына үйді менің атыма қалдырсын. Бөліске салмай" деді.

Айжамал екеуміз үйден шығып бара жатқанда ол Сараға "мынаны сізге Жәнібек беріп жіберді" деп бір бума ұстатып кетті. Екеуміз келіп машинаға отырғанда Айжамал ағыл тегіл жылады. Мен оның көңіліндегі аласұрған сезімдер толқынын сездім де жұбатпадым. Әбден жыласын дедім. Бір шетінен қуаныштың да жасы болуы мүмкін ғой.

Одан беріде он екі жыл өтті. Жәнібек пен Айжамалдың екі ұлы және Айлин деген тәтті қыздары бар. Мейрам сайын екі отбасы бірге бас қосып тұрамыз.

Өткенде баяғы оқиға есіме түсіп, Айжамалдан сол кезде Сараның қолына не беріп едің деп сұрап қалғам. Айжамал ұзақ ойланып отырды. Сосын, "ол бума ақша болатын Жанка. 42 мың доллар" деді. Ол кезде біз тұратын Орбитада екі бөлмелі пәтерлен небары 5-6 мың долар еді.

Сөйтіп құрбым, өзінің бала кезде айтатын уәдесін орындады. Өмір де осындай қайсар жандарды жақсы көретін секілді…

Жанар Әлпейісова,
Алматы  

 

Соңғы жаңалықтар