Оқиға 9-маусымда орын алды. Жүктіліктің сегізінші айында болған айыпталушы Мария Генш сол күні құрбыларымен бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында ол Дарья Кладковскаямен қақтығысып қалған. Артынша құрбылар арасындағы жанжал үлкен төбелеске ұласқан.
Сол уақытта ішімідік ішіп қызық қалған жүкті әйел төбелес кезінде құрбынысына екі рет пышақ сұғып алды. Кейін бұл жағдай сотқа дейін жетіп, бұған қатысты іс қозғалды. Сот ісін жүргізу барысында жүкті әйел жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
«Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені» үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бірақ, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда мас болған жүкті әйелдің құрбысын пышақтап өлтіре жаздағаны туралы хабарлаған болатынбыз.