Төрдегі балаңды азғырғаны аздай, көрдегі бабаңды масқаралады бұлар. Алматыдағы адам айтуға аузы бармас, еркегіне еркегі артылатын көгілдірлер клубының жарнамасы бұл. 69-деп ат берілген Құдай атқан жер Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысындағы Ұлттық Ғылым академиясының жанында орын теуіпті. Соны ескерген ессіздер жарнама жасаудың жөні осы деп мына суретті салған. Қаймана қазақтың Құрманғазысын орыстың ұлы ақыны Пушкинмен сүйістіріп қойған. Мұны халықаралық байқауға да апарыпты, тозған заманның азған адамдары бұл суретке таңдай қағып жүлделі үшінші орын берген. Бірақ суретті көрген қазақ қоғамы атқа қонды дереу.
Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:
-Күй атасы, қазақтың біртуары Құрманғазы бабамыздың аруағын қорлауы және орыстың классигі А.С.Пушкинді қорлауы деген бұл барып тұрған опасыздық. Бұл екі аяқты мал деп айтсам артық айттым деп ойламаймын. Екеуін сүйістіріп қойған дизайнер, ол дизайнерді тасаттық жасап өлтірсе де артық болмайды деп ойлаймын өзім.Өртеп жіберуге дайынмын мен. 1 аптаның көлемінде шешім қабылданбаса осы жерден мына клуб жоқ болуы тиіс.
Қос ұлттың ұлыларын аяққа таптап, өздерінің адам жиіркенетін қатынастарына тарихтағы біртуар тұлғаларды телігендер бүгін гей-клубтарының қақпасын ашпады, құлыптап отыр екен іштен. Ал аталмыш суретті салған дизайнер ғаламторда теңдессіз туынды тудырдым деп жазуда.
Мақсат, «Алашұлы» тобының әншісі
-Осының суретін салған дизайнер мақтанып отыр дейді: «мен керемет идея ойлап таптым» деп. Мен айтар едім атасының басы бұл жерде күшті идея да жоқ, ешқандай жарнама да жоқ. Бұл жерде түптің түбінде тікелей келген кезде қазақ деген халықтың түбіне жетіп масқаралау деп.
Ал күй атасы Құрманғазының ұрпағы тіптен ебіл-себіл. Алғашында ат төбеліндей айбарлы қазақтың біртуар ұлын масқаралағандармен өзі сөйлеспек болған, алайда бабасының абыройы үшін ашынған азаматты келеке етіп қоя салған. Ашынған Нұркен бүгін Алматы қаласы ІІД-не апарып арнайы арыз тапсырды.
Нұркен Халықберген, Құрманғазы Сағырбайұлының ұрпағы:
-Ең бастысы оларға жаздым: «Неге мұны шығарасыздар» деп. Олардың маған жауап бергені орысша: «креатив» деді. «Бұл жерде қазақтардың намысына тиетін ешнәрсе жоқ» деп жауап берді.
Қазақтың бабасының сүйегін қорлағандарға қарсы қаһарын көрген жарнама жасаушылар қазір қуыстанып әлек. Әлгі арсыз суретті жоямыз, еш жерге шығармаймыз деп шыр-пыр болды.
Дария Хамитжанова, жарнама компаниясының бас директоры
-Біз қоғамда мұндай төңкеріс болады деп ойламадық. Барлығы суретті сөгуде, тіптен біздің ғаламтор парақшамыз бен ұялы телефондарымызға түрлі хаттар кеп түсіп жатыр. Шынында біздің ұжым қатты жүрексінді. Осы жарнама суреті намысына тиген барлық азаматтардан кешірім сұраймыз.
-Жандары алқымдарына жеткенде тәубелеріне түскен жарнамашыл жұрт қазір қорғанарға қалқан таппай әлек. Қос ұлттың ұлыларының әруағын қорлап, ұлдарының абыройын айрандай шашпақ болғандарға әзірге ешкім пана болмақ емес. Ал ұлтжандылар көгілдірлерді жарнамалайтын суретті салғандарға қарсы арызды аудандық соттар мен ІІМ-не жолдады. Бірақ топ жиналса қарадай тізелері дірілдейтін, бүгін оқиға орнына келген жауапты шенеуніктер тысқа ілінбеген сурет иелерін бойынша жазалау әзір қиын дейді.



