Құрманғазының ұрпағы атасын қорлағандардан 10 миллион теңге талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманғазының ұрпағы атасын  қорлағандардан 10 миллион теңге  талап етті

Құрманғазының ұрпағы атасын қорлағандардан 10 миллион теңге талап етті

Бабамыздың аруағын қорлағандар ақыры сотқа берілді. Дәулескер күйші Құрманғазы мен орыс ақыны Пушкинді сүйістіріп сурет салғандар енді сот алдына жауап бермек және Алаштың намысын таптағандары нақтыланса қыруар қаражат төлемек.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы көгілдірлер клубының мекен-жайын жұртқа жар салу үшін жарнама компаниясының мына масқара суретті салғанын бұрын хабарлағанбыз. Сосын қоғам өкілдері әруақты қорлағандарға қарсы шу шығарды. Ал енді Құрманғазы Сағырбайұлының ұрпағы Нұркен Халықбергеннің осы суретті салғандар құрғақ кешіріммен құтылмас үшін олардан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп Алматы қаласының сотына арызданғаны мәлім болды. Ол сот Алаштың ардақтысын масқара қылғандарды жазалар деген сенімде. Ал қазақ қоғамы қанша даурықса да, аты жаман клуб әлі күн өз орнында мызғымай тұр.