Құрт ауруына шалдыққандарды полиция іздеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрт ауруына шалдыққандарды полиция іздеуі мүмкін

Құрт ауруына шалдыққандарды полиция іздеуі мүмкін

Құрт ауруына шалдыққандарды полиция іздеуі тиіс! Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бүгін ел арасындағы туберкулездерді іздеуге Ішкі істер министрлігі көмек беруі керек деді.

  • 11 Маусым 2014
  • 224
Фото - Caravan.kz


Туберкулездің ашық түрі ауыр науқасқа жатады. Сондықтан, ондай науқастардан қоғамға қауіп зор. Заң жүзінде, құрт ауруымен ашық түрде ауырғандар оқшау емделуі тиіс. Алайда, кейбір науқастар емдеу орталықтарынан қашып, қоғамдық көліктерде емін-еркін серуендеп жүр. Министр мұндай адамдарды полицейлер қатаң назарға алсын деп отыр. Өйткені, дәрігерлер қашқан науқасты іздей алмайтыны тағы бар. Ал, туберкулезге шалдыққандардың басым бөлігі бұрын істі болғандар мен үй-күйсіз азаматтар. Мамандар мұндай адамдардың қолдарында құжаты жоқ болғандықтан емдеуге де ала алмаймыз дейді. Ал, бюджеттен 1 адамды ұзақ мерзімге жатқызып емдеу үшін жылына миллион теңге жұмсалады екен.