Құрылыс салушыларға жаңа талаптар қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс салушыларға жаңа талаптар қойылды

Құрылыс салушыларға жаңа талаптар қойылды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына кепілдік берудің жаңа тетігін енгізуге арналған баспасөз конференциясы (брифинг) өтті.

  • 29 Қараша 2016
  • 559
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басқарма төрағасы Оңаев Дәурен, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Стратегия және даму департаментінің директоры Жүкенов Бауыржан қатысты.

ОКҚ баспасөз конференциясы барысында Оңаев Дәурен құрылыс салушы және оның уәкілетті компаниясы Қор кепілдігін не жергілікті атқарушы органның рұқсатын алмайынша үлескерлердің ақшасын тарта алмайтындығын атап өтті.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты құрылыс салушыларға қатал талаптар қойылды. Енді тұрғын үй құрылысына үлескерлердің ақшасын тарту үшін құрылыс салушы Астана және Алматы қалаларында кемінде үш жыл жалпы ауданы 18 мың ш.м. немесе басқа өңірлерде 9 мың ш.м. сатылған тұрғын үй тәжірибесіне ие болуы тиіс. Бұдан басқа, құрылыс салушының соңғы екі жылда шығынсыз қызметі болуы қажет.

Заң бірнеше кепілдік беру жағдайларын көздейді, оның бірін іске асыру барысында Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үй құрылысын аяқтау және кейіннен үлескерлерге үлестерін беру бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

ОКҚ баспасөз конференциясы барысында Оңаев Дәурен: «Біз өзімізге халықтың сеніміне лайықты болуды және әрдайым негізгі миссиямыз – кепілдік алған объектілер бойынша үлескерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде тиімді іс-әрекеттер арқылы үлескерлердің сенімін ақтайтын ұйым болуды шарт етіп қоямыз», — деді.


Ағымдағы жылдың 10 қарашасында үлескерлердің ақшасын тартудың тәсілдерін көздейтін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша қызметпен байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа Заң күшіне енгені жайлы естеріңізге саламыз. Пікір қалдырыңыз

 

Соңғы жаңалықтар