Құрылысына 79 миллиард теңге жұмсалатын Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылысына 79 миллиард теңге жұмсалатын Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды

Құрылысына 79 миллиард теңге жұмсалатын Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды

Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды.

  • 1 Қараша 2018
  • 252
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "The Qazaq Times"-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Үкімет Ұлттық пантеонға байланысты қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Жаңа құжат бойынша, бұдан былай Ұлттық пантеонға министрлер, мемлекеттік орган басшылары, президенттің қарамағындағы азаматтар, республикалық маңызға ие қала, облыс әкімдері және Астана қаласының әкімдері жерленеді.

Бұған дейін Ұлттық пантеонға ҚР президенті мен оның отбасы мүшелері, премьер-министр мен оның орынбасарлары және парламент палатасының төрағалары, ҚР мемлекеттік хатшылары, Президент әкімшілігі басшылары, Коституциялық кеңес, Жоғары Сот, Ұлттық Банк төрағалары жерленеді делінген.

Былтыр Астана қаласының әкімі Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге кететінін айтқан. Пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылы маңына салынбақ.


                                                                                                                             

Соңғы жаңалықтар