"Құсық фильм": Жаңадан түсірілген "Махаббат, қызық мол жылдар" сериалы не үшін сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құсық фильм":  Жаңадан түсірілген "Махаббат, қызық мол жылдар" сериалы не үшін сынға қалды

"Құсық фильм": Жаңадан түсірілген "Махаббат, қызық мол жылдар" сериалы не үшін сынға қалды

Кешелі бері жалпақ жұртқа көрсетіле бастаған  "Махаббат, қызық мол жылдар" телесериалы шықпай жатып сынға қалды. Танымал жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туындысы негізінде түсірілген фильм туралы желіде түрлі пікірер жазыла бастады.

  • 10 Наурыз 2021
  • 306
Фото - Caravan.kz

Мәселен  Айсұлтан Жақыпов есімді оқырман өзі көрген кемшіліктерді тізіп шығыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ұлттық арнадан "Махаббат, қызық мол жылдар" фильмін әлде сериалын көзім шалып қалды. Адамдардың сөзінде сенімсіздік бар. Санитарка қыздар бас киімсіз басына қолын апарып "честь" беріп жүр. Бұл әскери амандасу, әскерилердің арасында рапорт кезінде жасалатын рәсім. "Бос басқа қол апармайды" деген қағида бартын. Бәлкім соғыс кезінде устав басқаша болды ма екен? Әскери басшылардың үнінде зіл жоқ.

Орыстардың соғыс тақырыбындағы фильмдері соғыстың ішіне сүңгітіп жібереді. Бізде ірі кадрмен адамдардың бет-әлпетін көрсету, әрбір жерден не мультфильм екені, не расымен құм мен топырақ екені белгісіз бомбы жарылғанға ұқсайтын бірдеңе көрсеткен бопты. Опшым, құсық фильм.",- деп жазды автор.

Аталған жазбаға оқырман көптеген пікір қалдырған.


Мысалы Дидар Жеткін: "Мен тек аудиторияда отырған жерлерін көрдім. Тарих сабағы басталды. Ана ағайларының ойнағаны, беліне жарылғыш нәрсе орап жіберген адам сияқты. Қыздың емес, жануардың басынан сипап тұрған адам секілді", деді.

"Меңтайдың оң жақ бетіндегі меңі,нәғып сол жақ бетіне шығып кеткен.Дұрыс айтасың Айсұлтан құсық "фильм".Фильм деуге аузым бармайды", деген пікір қалдырды енді бірі.

 

Соңғы жаңалықтар