Құтқарушылар Алатау бөктерін өрттен қорғап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтқарушылар Алатау бөктерін өрттен қорғап қалды

Құтқарушылар Алатау бөктерін өрттен қорғап қалды

Алатау бөктерінде тағы алапат өрт! Бұл жолы жалын Алма-Арасан шатқалын шарпыды. Таңда тұтанған өртті ауыздықтауға қаланың құтқару қызметі түгел жұмылдырылды.

  • 25 Сәуiр 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл – «Алматы-өрт 2015» оқу-жаттығуының сценариі. Бүгін шұғыл құтқару қызметі осылайша дайындықтарын пысықтады. Сценарий бойынша, Алма-Арасан шатқалынан шыққан өртті туристер байқап, дереу 101-ге хабар береді. Кейін 40 минутта жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі. Десе де, күш алған тілсіз жау таудың теріскей бетіне көшкөн соң, өртті тікұшақпен сөндіруге тура келді. Ақыр соңында 3 сағат дамылсыз арпалыстан кейін қызыл жалын толықтай сөндірілді.

Жанат Ақжолов, Алматы қалалық ТЖД бөлімінің бастығы:

-Жаттығуға 27 әртүрлі техника, 150-ден астам адам және бір тікұшақ қатыстырылды.Өрт қауіпті уақыт жақындағанға байланысты оқу жаттығу жұмыстарын өткізудеміз. Оның үстіне тауда шыққан өртті сөндіру өте қиын.