Құтты болсын тойларың, "Halykшылдар" жар-жар. Тоқал қылып "Казкомды" Алыпсыңдар жар-жар - Серік Абас-Шах - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтты болсын тойларың, "Halykшылдар" жар-жар. Тоқал қылып "Казкомды" Алыпсыңдар жар-жар - Серік Абас-Шах

Құтты болсын тойларың, "Halykшылдар" жар-жар. Тоқал қылып "Казкомды" Алыпсыңдар жар-жар - Серік Абас-Шах

Белгілі журналист Серік Абас-Шах мырза екі банктың біріккеніне әжуәлап өлең жолдарын ұсынды. 

  • 1 Тамыз 2018
  • 765
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жар-жар!
Баян құсап лайкты,
Мықты жинап жар-жар.
Қосылуда қос банк,
Жұртты қинап жар-жар.

Үлкені мен клиенттің 
Жасы мұнда жар-жар,
"Казкомкүлді" көруге,
Асығуда жар-жар.

Құтты болсын тойларың, "Halykшылдар" жар-жар.
Тоқал қылып "Казкомды" Алыпсыңдар жар-жар.

Бір аттаған босаға,
Берік болсын жар-жар.
Үйлеріңе "ЦентрКредит",
Келіп қонсын жар-жар.
"Цеснабанк-ті" түгімен,
Жұтыңыздар жар-жар, "Kaspibank-ті" нөл қылып, Ұтыңыздар жар-жар. "ForteBank-тай" толықсып, Толыңыздар жар-жар,
"АТФБанк-ке" қожайын, Болыңыздар жар-жар.
"Qazaq Banki-де" қан қалса,
Ішіңіздер жар-жар.
"Нұрбанк-ті" жеп семіріп,
Ісіңіздер жар-жар.
"RBK-ны" сүліктей,
Сорыңыздар жар-жар,
"TengriBank-ті" шалғын ғып,
Орыңыздар жар-жар.

БІРАҚ:
"Сбербанк", "Альфа", "ВТБ-ға",
Ұрынбаңдар жар-жар.
Тек қазақстанский банктерге,
Қырындаңдар жар-жар. "Нұрлы" елдің ақшасы,
"Нұр-теңіз" ғой жар-жар.
Бүкіл xалық "Halyk-пен",
Біргеміз ғой жар-жар
С.А. (мәні өзгерген мәтін)

Банктен ақшаларын ала-алмай жүрген халық ащы шындықты жазған Серік мырзаға қолдауларын көрсетіп, пікір жазуда.  


Соңғы жаңалықтар