"Қуып жүріп қырған": Қазақтың үш ауылын пулеметпен қырып салған қызылдардың суреті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қуып жүріп қырған": Қазақтың үш ауылын пулеметпен қырып салған қызылдардың суреті табылды

"Қуып жүріп қырған": Қазақтың үш ауылын пулеметпен қырып салған қызылдардың суреті табылды

Ашаршылық кезінде босып кеткен қазақ ауылдарын қуып жүріп қырған қызылдардың суретін белгілі журналист Серік Әбікенұлы жариялады.

  • 24 Қыркүйек 2020
  • 3004
Фото - Caravan.kz

Ол Талдықорған өңірінен көрші Қытайға қашпақ болған қазақтарды өлтірген солдаттардың суретін әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Іздей берсең таба береді екенсің… Қытай аспақ болған үш ауылды екі пулеметпен қырып салған Талдықорған аудандық коммунистік отряды осы. Командирі Беляев деген. Құндақбай мерген қыр-соңынан екі жыл қалмаған отрядпен үш мәрте соғысыпты. Ақырғы айқас 1932 жылы Кісіқырылғанда болған. Суретті чекистердің 1967 жылғы жазбасынан алдым" деп жазды ол.

Серік Әбікенұлы бұған дейін де Құңдақбай мерген туралы бірнеше материал жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар