Құжаттарды телефонмен ғана алу қызметі енгізілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құжаттарды телефонмен ғана алу қызметі енгізілуі мүмкін

Құжаттарды телефонмен ғана алу қызметі енгізілуі мүмкін

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры Әнуар Хатиевтің айтуынша, алдағы уақытта телефон арқылы құжатқа тапсырыс беру қызметі сынақтан өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz

 «Ағымдағы жылда біз 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қажетті қызметті алу жүйесін тәжірибе жүзінде іске асырып көрмекпіз. Ондайда кез келген адам қоңырау шалады да, құжатқа тапсырыс береді. Оператор алдымен xабарласқан адамның телефон нөмірін арнайы база арқылы тексереді. Қазіргі кезде аталған база жасақталып жатыр. Осылайша, оператор құжатқа тапсырыс береді де, дайын құжатты тапсырыс берген адамның электрондық почтасына жіберіледі», — дейді Хатиев.

Айта кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық цифрлық қолтаңбасыз құжат алу қызметін енгізген болатын. Оған сәйкес, SMS-xабарламамен пароль жіберіледі. Сол арқылы қажетті құжатты электрондық пошта, я болмаса, «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік бар.  


 

Соңғы жаңалықтар