Құжатына көңілі толмайтын жұлдыздар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құжатына көңілі толмайтын жұлдыздар

Құжатына көңілі толмайтын жұлдыздар

Кезінде «Оскар» жүлдесінің пайымымен «үздік актриса» деп танылған Дженнифер Лоуренстің бар шындығы ашылды. Желіде сылқымның жеке құжатының фотосы пайда болған. Онда өнерпаздың шын есімі «Зубкова Екатерина» деп көрсетілген. Ақиқаты қайсы?!

  • 7 Ақпан 2018
  • 230
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Ревю бағдарламасында айтылды. 

Дарынды актрисаның жаңа есімді төлқұжатын, қырағы көрермен «Красный воробей» фильмінің трейлерінен байқап қалған. Дженнифер Лоуренс аталмыш картинада, ресейлік тыңшының образында төбе көрсетпек.

Отандық өнер жұлдыздары арасында да, өмірдегі түр-келбеті мен арнайы құжаттағы бет-бейнелерінің келіспей жататындары бар. Мәселен, мына кекілді аруды бір қарағанда ешкім Айнұр Ілиясова деп айтпасы анық.

Ал, бұл жүректі каскадер әрі дарынды актер Ерден Телемісовтың төлқұжаты. Сері балалық шағында суреттегідей көзілдірік таққан бозбала болған көрінеді..

Кезінде ғаламторда тараған Ерке Есмаханның да фотосы, табынушыларын таң қалдырғаны бар. Әншінің өзі, ескі суретін жан баласына көрсеткісі де келмеген.

Ерке Есмахан, әнші:

— Қайдан білейін бұл суреттің хит болып кететінін. Сол кезде білсем, 8-сыныпта әдемі болып, боянып түсетін едім сол суретке.  Өзім негізі әппақ қызбын, бірақ ол жерде қап-қарамын неге екенін білмеймін. Шашымды, кекілімді неге қиған, шашым бұйра-бұйра. Сол суретті білмеймін қайсысы ерінбей, тауып шығарғанын. Сол кездегіні есіме түсіріп, жүзіме күлкі ұялатты.


Құжаттарының көшірмесін қолды қылғандар қатары, мұнымен таусылмақ емес. Жанкүйерлеріне Төреғали Төреәлі ретінде жақсы таныс сері, іс жүзінде Турегали Туреалиевич. Ал, танымал тележүргізуші «Адиль Лиян» — Лиянов Әділ Дәулетұлы.

Қысқасы, егер төлқұжатыңыздағы фотоңыз көңіліңізден шықпаса, қынжылудың да еш пайдасы жоқ. Сәтсіз сурет, тек сізде ғана емес…

Соңғы жаңалықтар