"Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге отырмады": қызды зорлаушымен қалай татуластыруға тырысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге отырмады": қызды зорлаушымен қалай татуластыруға тырысты

"Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге отырмады": қызды зорлаушымен қалай татуластыруға тырысты

Интернет қолданушылардың біреуі жағдайдың абсурдтығына таң қалса, екіншісі телешоудың тақырыбына ирониямен жауап берді.

  • 9 Қыркүйек 2020
  • 382
Фото - Caravan.kz

"Кел, татуласайық" қазақстандық ток-шоуында жүргізушілер қызды зорлаушымен татуластыруға тырысты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы бағдарламаның YouTube-арнасына сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Шығарылымның бас кейіпкері 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызы болды. 14 жасында оны үш жігіт зорлады, ал жәбірленуші олардың бірінен жүкті болып, ұл туды. Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге ешқайсысын отырғызбады.

"Бала әкесімен аралассын,оған еркек тәрбиесі керек", — дейді бағдарлама жүргізушісі, қатысушылар және шығарылымның кейіпкері.

Бұл оқиғаның абсурдтығын Назира Дарымбет Newreporter.org сайттағы мақаласында сынға алды:

"Студия қатысушылары мен қонақтарының пікірлері де абсурдтық. Жобада мұндай таңқаларлық қайшылықтар да көп", — деп жазады мақала авторы.

Ол "Кел, татуласайық" ток-шоуының тағы бірнеше шығарылымдарын талдады.


Сондай-ақ, бұл бағдарламаға "Строгий агашка" Telegram-арнасы пікірін жазды.

"Журналистер қызды татуласу қажеттілігіне сендіре алды!

Бала әкесімен сөйлессін, балаға еркек тәрбиесі керек. Ал «зорлаушы қандай "еркек" тәрбиесін бере алады?» деген логикалық сұрақ 31 арнаның журналистерінде туындамады ма сонда?", — деп жазады "Строгий агашка" арнасының авторы.

"Время" газетінің журналисі Михаил Козачков та таң қалды, ол өзінің Telegram-да осы ток-шоу туралы хабарлама жариялады:

"Қазақстандық ток-шоу "Кел, татуласайық!» зорлаушылармен татуласуға үйретеді екен. Мені таңқалдыру қиын екеніне сенімді болдым, бірақ 31 арнадағы әріптестер оны жеңе алды", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар