Жарияланды: 400

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Балқаштағы түрмеден қашпақ болғандар 30 шақты адамды кепілге алды деген ақпарды жоққа шығарды

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Балқаштағы АК 159/21 колониясынан қашпақ болғандар 30 шақты адамды кепілге алды деген ақпарды жоққа шығарды.

«Қылмыстық атқару жүйесі комитеті тұтқындардың кепілге алынғаны туралы ақпарды жоққа шығарады және түрмеден қашпақ болғандар ешкімді кепілге алған жоқ деп мәлімдейді», - деп дүйсенбі күні осы комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, қазір түзеу мекемесіндегі жағдай «күрделі, дегенмен бақылаудан шыға қойған жоқ». Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні түрмеден қашып шықпақ болған бір топ тұтқын колония қызметкерлеріне қарсы оқ атып, салдарынан түрме бақылаушысы қаза тапты, тағы үш адам жарақаттанды. Ал, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзі болса тұтқындардың 30 шақты адамды кепілге алғанын және комитет қызметкерлері мен полицейлер олармен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін