Қылмыстық ісі жабылған бойда Бақтияр Артаев Лондонға ұшып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық ісі жабылған  бойда Бақтияр Артаев  Лондонға ұшып кетті

Қылмыстық ісі жабылған бойда Бақтияр Артаев Лондонға ұшып кетті

Бақтияр Артаевқа тағылған айып алынып тасталды. Астананың Ішкі Істер департаменті Олимпиада чемпионына қатысты бұзақылық бабы бойынша  қозғалған қылмыстық істі ақыры жауып тынды. Полиция атақты боксшы мен Елордалық Айсұлу Ыбрашеваның атышулы ісінен қылмыс құрамын таппаған. Ал жазадан құтылған бойда Артаев дереу Лондонға оқуға кетіп қалды.

  • 1 Тамыз 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

Ал Бәке досым ақ жол! Елді шулатқан жала әділдікпен шешілгеніне қуаныштымын. Енді жолыңызда еш бөгет болмасын. Лондондағы оқуды ойдағыдай аяқтап,Қазақ еліне қызмет етуді қайта жалғастыруыңызды тілеймін. Бір жарым жылыңыз бір жарым күндей боп өте шықсын.

Осындай тілегін арнаған бұл жазбаны Бақтияр Артаевтың әнші достарының бірі интернетке жариялады. Сурет  боксшы Лондонға ұшардың алдында   Астана әуежайында түсірілген. Айта кетсек, елордалық 28 жастағы модел  Айсұлу Ыбрашева түнгі клубтың би алаңында Бақтияр Артаев ұрды деп айыптап полицияға арыз түсірген болатын. Бірақ Олимпиада чемпионы, өзінің таяқ жегенін яғни Ыбрашева алдымен ішінен теуіп кейін көзін көгертіп қойғанын айтып ақталған-ды. Қылмыстық іс жабылғанымен енді Айсұлу Ыбрашева ары қарай қуынып Артаевты қалайда сотқа бермек. Сондықтан Лондон асқан боксшыға сотта жауап беру үшін Астанаға оралуына тура келетін секілді. Әзірше, алғашқы раунд боксшының пайдасында .


Софья Қылышбекова,  Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Барлық тиісті тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қылмыстық белгілері болмағандықтан.