Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Баетов қылмыстық істі жабуға уәде беріп ауызбастырық ретінде 900 мың теңге сұраған. Шенді азамат келісілген ақшаның басым бөлігін осы уақытқа дейін алып үлгеріпті. Ал қалғанын қаладағы дәмханалардың бірінде санап алып жатқан жерінде қолына кісен салынды.