Қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар сотта өзін "қинағанын" мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар сотта өзін "қинағанын" мәлімдеді

Қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар сотта өзін "қинағанын" мәлімдеді

Ақтөбеде "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі жалғасты.

  • 11 Сәуiр 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ жетекшісі" Еркін Ізбасар тергеуде өзін "қинағанын" мәлімдеді. Іс Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қаралып жатыр. Сот барысын журналистер монитор орнатылған бөлек залдан бақылап отыр.

Сотта жауап берген Еркін Ізбасар өзінің осымен үшінші мәрте сотталып тұрғанын, 10 жыл бұрын сотталғанда үйіне "әдейі қару лақтырылғанын" айтты. Оның сөзінше, ол кезде тергеу "қарудың өзінікі екенін дәлелдей алмаған".

"Бұл жолы да басыма қапшық кигізіп, сабады. Тісімді сындырып, үстіме шығып секірді" деді Еркін Ізбасар.

Сотта Ізбасар "осы кезге дейін жауап берген сотталушылардың бірі де өзіне қарсы куәлік бермегенін" айтты. Ол сотталушылардың бірінен "Дүсіпов, сен айтшы, сен мені көрдің бе?" деп сұрады. Сұраған адам оған "жоқ" деп жауап берді.

Бұл іс бойынша сотталушылардың бірі Қалдымұрат Қартжан да бұған дейінгі сотта өзіне "тергеуде қысым жасалғанын" мәлімдеген.

Ақтөбеде "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі желтоқсанның 5-і күні басталған.


"Қылмыстық топқа жетекшілік еткен" бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар тергеу Қылмыстық кодекстің 13 түрлі бабы бойынша айыпталып отыр. Сотталушылардың 17-сі тергеу изоляторында, ал 9-ы ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр. Сотталушылар арасында облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары да бар.

Оқи отырыңыз:

Той жүргізіп, асаба болуымды өтінетіндер көп. 20 мың доллар сұраймын — Баян Алагөзова
Ерке Есмахан сұхбаттан бас тартатындай жағдайға жеткен
Қыз туа бердің: Шымкенттік намазхан жігіт әйелін 5 баласымен тастап кеткен
Соңғы жаңалықтар