«Қымбат жандар»: жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қымбат жандар»: жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

«Қымбат жандар»: жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

Қазақстанда 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. 27 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан жоғалған жандарды іздеуге арналған «Қымбат жандар» әлеуметтік тележобасы эфирге шығады.

  • 25 Қыркүйек 2020
  • 209
Фото - Caravan.kz

Жобаның басты мақсаты — түрлі жағдайда жақындарын жоғалтқан кейіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, тиісті мекемелердің тікелей көмегімен хабар алуға қолұшын беру.

«Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды. Бұл — көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз — сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. «Қымбат жандар» — тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалған жандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар», — дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.

Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе qymbat_jandar@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.

Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі 12:00-де эфирге шығады.

https://www.youtube.com/watch?v=eqwPYqpq8sw&feature=youtu.be

 

Соңғы жаңалықтар