Жарияланды: 40

Қымбатшылық: қазақстандықтардың 1,3 пайызы күні бойы аш жүруге мәжбүр

Қымбатшылық: қазақстандықтардың 1,3 пайызы күні бойы аш жүруге мәжбүр

Ауылдық жерлерге қарағанда, азық-түлікке қаражат тапшылығы қалалықтарды көбірек алаңдатады.

Ақшаның жоқтығынан бір күн бойы аш жүруге мәжбүр болған қазақстандықтардың үлесі 1,3 пайызға дейін өсті деп хабарлады Energyprom.kz.

Ұлттық статистика бюросы наурызда жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек, «ақшаның аздығынан азық-түлік жетпей қалады» деп қорқатын респонденттердің үлесі 5,7 пайыз болған. Сонымен қатар, бұл сұраққа жауап беруге қиналғандардың үлесі бір жылда 3-тен 4 пайызға дейін өскен.

Ал қазір бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған респонденттердің үлесі былтырғы 0,5-тен 1,3 пайызға дейін өскен. Қалған 2,6 пайызы жауап беруге қиналған. Ауылдық жерлерге қарағанда, азық-түлікке қаражат тапшылығы қалалықтарды көбірек (5,9 пайыз) алаңдатады екен. Оған әйелдер көбірек (6,2 пайыз) алаңдайды.

Ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеуіне байланысты азық-түлік тапшылығына қызметкерлердің 5,5 пайызы, ал жұмыссыздардың әрбір оныншысы алаңдайды.

Қаржы тапшылығынан аштықты сезгендер арасында жұмыссыздар (4,1 пайыз) басым. Жас тобы бойынша 39 бен 48 жас аралығында және одан жоғары.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша, азық-түлік бағасы бір айда 1,9 пайызға өссе, жыл басынан бері бірден 15,7 пайызға қымбаттаған. 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік бағасы бірден 19,2 пайызға өсіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін