Қырғыз парламенті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз парламенті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды

Қырғыз парламенті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды

Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 миллион доллар көмектен бас тартып отыр

  • 9 Қараша 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан парламенті (Жогорку кенеш) Қазақстанмен жасалған еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімнің күшін жою туралы заңды қабылдады. 

120 депутаттың 105-і заң жобасын соңғы үшінші оқылымда қабылдауды мақұлдады. 

Келісімнің күшін жою туралы шешім қырғыз еліндегі президенттік сайлаудың алдында Бішкек пен Астана арасында туындаған дипломатиялық жанжалдан кейін қабылданған еді. Екі елдің басшылығы Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақстандық билік туралы айтқан сөзінен кейін келіспей қалды. 

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


Соңғы жаңалықтар