Қырғыз парламентінің отырысы президент сайлауына дейін тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз парламентінің отырысы президент сайлауына дейін тоқтатылды

Қырғыз парламентінің отырысы президент сайлауына дейін тоқтатылды

Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенештің пленарлық отырысы президент сайлауы аяқталғанша, екі аптаға уақытша тоқтатылады. Бұл туралы 28 қыркүйекте парламент спикері Чыныбай Тұрсынбеков мәлімдеді. Ол мұны кворумның жеткіліксіз болуынан деп түсіндірді.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 300
Фото - Caravan.kz

"Тіркеуден бар-жоғы 59 депутат өтті. Бұл кворум жоқ деген сөз. Сондықтан бүгінгі жиналыс аяқталды. Енді біз тек комитеттер мен фракцияларда кездесеміз. Әрі қарай – сайлаудан кейін" деді ол.

Қырғызстан парламентінде барлығы 120 депутат бар. Депутаттар аптасына екі рет заң жобасын талқылап, дауыс беру үшін жалпы отырыс өткізеді.

15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтеді. Бірер күн бұрын елдегі "Таза сайлау үшін" қозғалысы парламент депутаттарының сайлауалды кампанияға белсене қатысып, сайлау заңын бұзып отырғанын мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар