А. Мадумаров өз ұсынысын Қырғызстанның үлкен әлеуетке ие екендігімен және ШЫҰ елдерінің саяси бірігуіне ықпал ететіндігімен түсіндіріп отыр. Қырғызстанның парламент спикерінің пайымдауынша, ШЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясын құру және оны рәсімдеу ұйымның жаңа даму кезеңіне шығуына ықпал етпек және оны ең ықпалды халықаралық институттардың қатарына қоспақ.
Сонымен бірге, А. Мадумаров: «Еуропадағы халықаралық парламенттік институттардың қызмет механизмдері батыс демократиясы аясында қалыптасқан және оны ШЫҰ-на сол қалпында алып келу орынсыз болар еді», — деп есептейді.
Жогорку кенеш спикері ұйым аясындағы мұндай ассамблеяның басымдыққа ие болатын даму бағыттарын санамалап берді. «ШЫҰ елдерінің заңнамасын жақындастыру ғылыми және тәжірибелік ынтызарлыққа ие және парламентаралық ынтымақтастықтың жұмылдырылуы үшін бағалы болып табылады. Ұйым елдерінің заңнамаларын жақындастыруға және негізінен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін ұқсас құқықтық база құруға айрықша көңіл бөлген дұрыс».
Егер ШЫҰ елдерінің Парламенттік ассамблеясының жобасын жүзеге асырудың сәті түссе, А. Мадумаров өзге де бағдарламалардың бастамашысы болуға дайын. Мысалы, ассамблея аясында ол Демократия, парламентаризмді дамыту және ұйымға кіретін мемлекеттердің азаматтарының сайлау құқының сақталуын қадағалайтын Халықаралық институт қызметін жан-жақты дамытуды жоспарлап отыр.
Қырғызстан Республикасының парламент спикері бұдан өзге ғылым, білім беру, мәдениет, жастар алмасу және спорт салаларында ШЫҰ мемлекеттерінің азматтарының құқы мен еркіндігін қамтамасыз етуге күш жұмсамақ ниетте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті