Жарияланды: 400

Қырғыз президенті өз бизнесін 35 млн АҚШ долларына сатқан

Қырғыз президенті өз бизнесін 35 млн АҚШ долларына сатқан

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 5 сәуірде елдің бас прокуроры Индира Жолдубаеваны қабылдады.

Мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланғандай, кездесу барысында Алмазбек Атамбаев бас прокурорға "2003 жылдың қаңтар айында А. Ш. Атамбаевқа тиесілі Измир қаласындағы өндіріс кәсіпорнының акция пакетін түрік кәсіпкеріне 45 млрд түрік лиріне немесе 35 млн АҚШ долларына сатқанына" дәлел келтіретін құжат тапсырған.

Хабарға қарағанда, бұл ақпарат 2003 жылдың 31 қаңтарында Түрік Республикасы ақпараттық бюллетенінде жарық көрген.

"Осылайша, бұл құжат Өмірбек Текебаевтың Атамбаев отбасында қомақты ақша 2010 жылдан кейін пайда болды дегенінің жалған екенін тағы бір дәлелдейді", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

"Неге түскен табысының көзін тек қана Атамбаев көрсету керек? Өмірбек Текебаев және оның жақтастары, өзге де партия өкілдері 2010 жылдың 7 сәуірінен кейін пайда болған миллиондаған қаржының көздерін көрсету керек. Мұны 2010 жылы 7 сәуірде "Ала-Тоо" алаңында қаза тапқандардың туыстары мен балалары да талап етеді. Мұны қоғам да талап етеді! Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің заңсыз байығандарды жауапкершілікке тартатын бапты еске алуы қажет", - деген президенттің сөздеріне сілтеме жасайды мемлекет басшысының ресми сайты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін