Жарияланды: 4100

Қырғыз президентінің қызы жалаңаш денесін көрсетуін қояр емес

Қырғыз президентінің қызы жалаңаш денесін көрсетуін қояр емес Сурет - instagram.com/homesickbluess

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы – Әлия Шагиева бұл жолы әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш отырып бала емізген суретін жариялады. Кейін тіпті сол үшін кінәлағандарға жауап жазды.

Әлия Шагиева өз жазбасында бұл суретте ешқандай да анайылық, сексуалдық сипат жоқ екенін айтыпты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Әйел омырауы – маңызды қызмет атқаратын (баланы емізетін) дене мүшесі. Ол ешқандай да сексуалдық нысан емес. Әйел омырауы көпшілік ойлағандай анайы жер емес. Адамдар оның нағыз атқаратын қызметін әлдеқашан ұмытып, енді ол еркектердің көз құртына айналып кеткен… Біздің қоғам ана болудың керемет екенін айта отырып, сәбиін емізген ананы көрсе, «мұнысы ұят емес пе?» деп шыға келеді. Қызық, ә?!" дейді қырғыз президентінің қызы өз уәжінде.  

Естеріңізге салсақ, Әлия Шагиева нақ осы суреттегі балаға аяғы ауыр болып, тіпті айы-күні жақындап тұрған кезде іш киіммен түскен суретін жариялап, жұрттың сынына іліккен еді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін