Қырғыз Республикасы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің мүшесі боп сайланды
![]() |
2015 жылғы 28 қазанда Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 42-ші пленарлық отырысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске 2016-2018 жж. кезеңіне мемлекеттерді сайлау өтті. |
Бұл туралы КирТАГ Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Ұлттық та, халықаралық деңгейде де адам құқықтарын қорғауға, құқық пен демократия үстемдігін нығайтуға маңызды мән бере отырып Қырғыз Республикасы БҰҰ басты органдарының біріне өз кандидатурасын ұсынды. БҰҰ Азиялық-тынық мұхиттық өңірлік тобынан 5 бос орынға 7 ел үміткер болды», - делінген хабарламада.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Қырғыз Республикасы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске мүшесі болып сайланды. Қырғызстан БҰҰ-ға мүше 192 мемлекеттен 147 дауыс жинап, көшбасшылар үштігіне енді.
Қырғызстан 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеңестегі өз мүшелігін жүзеге асыруға кіріседі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін