Қырғыз Республикасы Еуразиялық даму банкіне мүше болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз Республикасы Еуразиялық даму банкіне мүше болды

Қырғыз Республикасы Еуразиялық даму банкіне мүше болды

Еуразиялық даму банкіне мүше-мемлекеттердің саны ұлғайды. Кеше өткен жиында банк кеңесі Қырғыз Республикасының банк құрамына кіру туралы өтінішін бірауыздан мақұлдады. Бұл туралы ЕАДБ баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстанның ЕАДБ құрамына кіруінен туындайтын экономикалық тиімділік Республикаға да, банктің басқа да қатысушы мүшелеріне де маңызды,- дейді банктің басқарма төрағасы Игорь Финогенов. — ЕАДБ-нің толық мүшесі атана отырып Қырғызстан экономикалық қауіпсіздік, экономиканы диверсификациялау, жұмыс орындарын ашу мәселесінде айтарлықтай маңызды жоспарлар түзе алады. Бұнымен қатар біз Қырғызстанда тек қана классикалық жобалық несие беруді жүзеге асырмаймыз, сонымен қатар шағын және орта бизнесті де несиелендіреміз»,- деп атап өтті И.Финогенов.

Естеріңізге сала кетейік Қырғызстан ЕАДБ құрамына кіруге 2010 жылдың ақпан айында өтініш берген болатын.

Соңғы жаңалықтар