Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

Қазір екі құқық бұзушы Қазақстан аумағында жасырынып жүр.

  • 24 Қаңтар 2019
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан шекарашылары қос мемлекеттің шекарасын бұзған Қазақстан азаматын атып өлтірді.

23 қаңтарда үш адам он жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпек болған. Қырғызстанның шекара жасағы оларды "Жасөркен" шекара заставасының учаскесі алдында ұстауға тырысты.

Тәртіп бұзушылар қарсылық көрсетіп, суық қару қолданды, делінген ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесінде.

"Бұл жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Салдарынан құқық бұзушылардың бірі оқ жарақатын алды. Қалған екеуі аттармен бірге қашып кетіп, Қазақстан аумағында жасырынып жүр", — деп мәлімет берді ҰҚК.

Жарақат алған қазақстандық Талас ауылындағы ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша сотталған еді (Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту).

Тараз шекара жасағы құқық бұзушылар мен жылқыларды іздеп жатыр.


Шекарадағы қақтығыстар

Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз мал айдаушылар мен шекарашылар арасында қақтығыс жиі болып тұрады. 2017 жылы маусымда 15 адамнан тұратын топ шекара қоршауын тесіп жатып ұсталған, олар қазақстандық шекарашылардың талаптарын орындамай, шабуыл жасайды. Әскерилер қару қолданып, оқ атуға мәжбүр болған. Шекара бұзушылардың бірі — Қазақстан азаматы жарақат алып, қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар