Қырғыз түрмесінен қашқан экстремистердің Қазақстанға өтуі мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз түрмесінен қашқан экстремистердің Қазақстанға өтуі мүмкін бе?

Қырғыз түрмесінен қашқан экстремистердің Қазақстанға өтуі мүмкін бе?

Қырғызстан түрмесінен аса қауіпті бірнеше тұтқынның қашуына байланысты еліміздің шекаралас аумағында күзет күшейтілді. Діни-экстремистік ұйымға қатысы бар 9 тұтқынның бесеуі көпке ұзамай қолға түскен. Алайда төртеуі күш құрылымдарының құрығынан сытылып үлгеріпті. Бұл лаңкестердің де өткен шілде айында көзі жойылған экстремистерге қатысы бар екен. Ал олардың қатарында Қазақстан азаматтары да болғанын айта кетейік. Қырғыз арнайы жасақтары қазір бүкіл ел аумағын тіміскілеп жатыр.

  • 13 Қазан 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

Қырғыз ақпарат құралдары күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсетіп, құтылып кеткен 4 содырдың фотоларын жариялады. Лаңкестер тергеу изоляторынан қашарда үш күзетшіні жер жастандырып кетіпті. Сөйтіп, түн ортасында Қордайға қарай бет алған. Алайда, жергілікті полицейлер беймәлім көлікті байқап қалып, лаңкестердің үстінен түскен көрінеді.

Мирлан Бакиев, Қырғызстан ІІМ қызметкері:

-Бірнеше оқ атуларға, ескертулерге бұлар тоқтамай, Бішкек-Қордай автожолына  қарай жол алды. Арнайы жасақ тартылып, Бішкек-Қордай автожолының оныншы километрінде машина тоқтатылды.

Бір көлікке сығылысқан содырлар жапатармағай қашқанда төртеуі құтылып кеткен. Оның екеуі өмір бойы абақтыға қамау жазасына кесілген екен. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі лаңкестердің барлығының ел аумағында тыйым салынған «Жайшул-Махди» экстремистік ұйымының мүшелері екенін мәлімдеді. Қазір осыған байланысты Қырғызстанмен шектесетін Жамбыл облысында шекара күзеті мен полиция қызметі күшейтілген тәртіпке көшкен.

Тимур Абдуллаев, Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

-Қала, аудандық бөліністеріне ақпараттар таратылды, қашқындар жайлы. Сонымен қатар, шекара қызмет басқармасы күшейтілген жүйеге көшіп, ақпараттар оларға да таратылды. Егер де әлгі іздеуде жүрген 4 азаматтар ҚР-ның териториясына шекара арқылы өтетін болса, біз оларды міндетті түрде құрықтаймыз.

Қазір шекара өткелінде әрбір көліктің қуыс-қуысына дейін жіті тесеріліп жатыр. Бірде-бір күдікті зат өткізбес үшін арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылған.  Бұл қырғыз түрмелерінен лаңкестердің тобымен екінші рет қашуы. Шілде айында да қырғыздар екі Қазақстан азаматы бастаған экстремистерден көз жазып қалып, соңы кескілескен ұрыспен аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар