Қырғыз үкіметі бизнесті тексеруге екі жылға тыйым салады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз үкіметі бизнесті тексеруге екі жылға тыйым салады

Қырғыз үкіметі бизнесті тексеруге екі жылға тыйым салады

Қырғызстан үкіметі кәсіпкерлерді екі жылға дейін тексеруге мораторий жариялауды жоспарлап отыр. Бұл уақытта айыппұл санкциялары да салынбайды. Бұл туралы экономика министрі Олег Панкратов 28 маусымда бизнес және инвестицияны дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

  • 1 Шiлде 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, инспектор кәсіпкерлерді жазалау емес, заң бұзушылықтарға жол бермеуге мүдделі болуы тиіс. Бұл ретте тексеруші инспектордың жеке жауапкершілігіне назар аударылады.

Келген шығынның үш есе жауапкершілігін заңды бұзған кәсіпкер және оны бақылаушы мемлекеттік қызметкер тартады. "Осылайша олар бизнес пен мемлекеттік қызметте заңның бұзылуына жол бермеуге мүдделі болады", — деп есептейді министр.

Отырыста премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев үкімет бизнес пен мемлекеттік органның байланысын болдырмауды көздеп отыр. Оның айтуынша, бизнес үшін мемлекеттік қызмет көрсету қашықтан электронды форматта жүргізіледі.


Бұған дейін президент Сооронбай Жээнбеков бизнесті негізсіз тексеруді доғаруды тапсырған.

Соңғы жаңалықтар