Ең бай зейнеткерлер Қазақстанда тұратыны анықталды. Мұнда орташа зейнетақы 50 549 теңгені немесе АҚШ долларымен есептегенде $272 құрайды. Ресей Федерациясындағы зейнетақының орташа көрсеткіші 2015 жылдың ақпанында 12 мың 45 рубльді немесе РФ Орталық банкінің ставкасы бойынша $240 құрады.
Белорустар $200 доллардан сәл азырақ алады. Ағымдағы жылдың ақпан айында бұл елде зейнетақының орташа көрсеткіші Br2 млн 658,2 мың немесе $187,5 құрады.
Қырғызстан зейнеткерлері мұндай зейнетақыға әзірге қол жеткізе алмай тұр. 2014 жылдың 1 қазанында зейнетақы көлемі көтерілген соң Қырғызстандағы орташа зейнетақы 4,6 мың сомды немесе шамамен $78 құрады.