Қырғыз жастары қалыңдық алып қашу мәселесін талқылап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз жастары қалыңдық алып қашу мәселесін талқылап жатыр

Қырғыз жастары қалыңдық алып қашу мәселесін талқылап жатыр

Қырғызстанның Базар-Коргон ауданында «Жастар сенімді қадаммен игі мақсатарға барады» деген тақырыппен форум өтіп жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы өкілі хабарлады. 

  • 15 Маусым 2016
  • 394
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, форумға мемлекеттік құрылым, азаматтық қоғамның 120 өкілі қатысып жатыр. Бағдарлама аясында адам саудасының алдын алу, қалыңдық алып қашу, жастар саясатын жетілдіру секілді тақырыптар талқылануда. Кездесуден кейін жастар арнайы резолюция қабылдамақ.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, форумның мақсаты жастарды біріктіріп, мәдениетті көтеруге, құқықтық білімді жетілдіруге, жергілікті жастардың ізденімпаз болуына мүмкіндік жасау.