Қырғызстан аумағында жер сілкінісі қайталанды
![]() |
Бүгін сағат 11.26-да Қырғыстан Республикасы Сейсмология институтының стансасы 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады КирТАГ. |
Жер сілкінісінің магнитудасы - Mpv=4.3, энергетикалық класы - K = 9.9.
Қырғызстан Республикасының ҰҒА Сейсмология институтының алдын ала деректеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Чайчи ауылының оңтүстігіне қарай 8 шақырым қашықтықта, Лянгар ауылынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Қаблан-Кол ауылының солтүстік-батысына қарай 12 шақырым, Ош қ. оңтүстік- шығысына қарай 35 шақырым жерде орналасты.
Қырғызстан Республикасының Чайчи, Каблан-Кол, Лянгар елді мекендерінде - 3,5 балл, Қызыл-Туу, Боз-Қараған, Бек-Жар, Қара-Шоро, Баш-Булақ ауылдарында -3 балл, Қызыл-Корғон, Ош қаласында - 3 балдық жер сілкінісі болды.
Алдын ала деректерге сүйенсек, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Бұдан бұрын 17 қарашада Қырғызстан оңтүстігінде қуаты 4-тен 6 балға дейін жеткен жер сілкінісі болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін