Жарияланды: 350

Қырғызстан Бас прокуратурасы Ыстықкөлдегі милиция қызметкерлеріне жасалған шабуыл фактін тексеруде

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының бастығы Жалил Илиппаевтың айтуынша, елдің Бас прокуратурасы облыстың Бостері ауылында жергілікті тұрғындар мен милиция қызметкерлерінің арасындағы қақтығысты тексеруге кірісті.

4 шілде күні Ыстықкөл жағалауындағы шипажайлардың бірінде милиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың арасында қақтығыс болып, оқиға салдарынан екі тұрғын жараланған еді. Әзірге анықталмаған себептер бойынша, даудың соңы жаппай төбелеске ұласып, ауылдың 400-ге жуық тұрғыны «Бішкек-Балықшы» тас жолын жауып тастайды. «Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екені туралы айтуға әлі ертерек, бұл істің нүктесін тергеу мен сот қояды», -дейді М.Илиппаев. Бостері ауылында да оқиғаның мән-жайын тексеруге көмектесетін комиссия құрылып отыр, оның құрамына жергілікті 22 тұрғын кіріп отыр, дейді Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының бастығы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін