Қырғызстан билігі пиротехниканы кез келген жерде сатуға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан билігі пиротехниканы кез келген жерде сатуға тыйым салды

Қырғызстан билігі пиротехниканы кез келген жерде сатуға тыйым салды

Қырғызстан билігі пиротехниканы заңмен рұқсат етілмеген жерде сатуға тыйым салды. Енді отшашу, салют пен петардаларды тек арнайы дүкенде

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 655
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан билігі пиротехниканы заңмен рұқсат етілмеген жерде сатуға тыйым салды. Енді отшашу, салют пен петардаларды тек арнайы дүкендерден сатып алуға болады, деп хабарлады 24.кз. 

Бұл шара ата-аналар өтініші бойынша жасалған қадам. Өйткені жаңа жыл қарсаңында жарамсыз тауарлар мен қауіпсіздік техникасын сақтамаудың салдарынан өкінішті жағдайлар жиі тіркеледі. Бішкекте жыл сайын жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауруханалар түрлі от шашулар кезінде жараланған науқастарға толады. Олардың дені — қарапайым техника қауіпсіздігін сақтамағандар. Әйтсе де, кенеттен жарылған фейерверктен баланың қорғана алмайтыны анық. Ал, пиротехниканы қалай дұрыс пайдалануға болатынын сатушылардың өзі түсіндіріп беруге міндетті екенін біле бермейді. Олар тек затын өткізіп жіберуге бейім.

— Біздің елде пиротехника базарларда, сауда павильондарында, көшеде және тіпті мектеп жанында да сатыла береді. Оларға мұндай жерлерде сауда жасауға тыйым салдық. Себебі, жаңа жыл қарсаңында жараланатындардың бәрі пиротехниканы дұрыс қолданбаған болып шығады. Сатушылар балаларға қауіпсіздік техникасы туралы айтпағаннан, соңғылары жиі зардап шегеді, деді ҚР Мемлекеттік техинспекция баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Мамбеталиева.

Пиротехниканы рұқсат етілмеген жерде сатқаны үшін салынатын айыппұл сомасы елу мың сом болады. Бұл дегеніміз шамамен екі жүз елу мың теңге. Енді бұл талаптың орындалуын Мемлекеттік экотехинспекция мен Төтенше жағдайлар министрлігі бақылайды. Егер сатушы «бизнесін жүргізем» десе, ережені ұстануы керек. Қазір елде отшашу өнімін сатуға лицензиясы бар сауда орындарының саны онға да жетпейді.


— Кәмелетке толмағандарға мүлде зат сатпаймыз. Негізінен бұл тауар түрін ересектер алады, ал егер пиротехника алуға келген адамның жасы кәмелетке толғанына күмән туса, құжаттарын тексереміз. Жалпы бұл өнім жыл бойы өтеді, бірақ ең көп сатылатыны, әрине, желтоқсан айы, деді  пиротехника дүкенінің сатушысы Данагүл Ашымова. 

Біздің мәліметке сәйкес, пиротехниканы кез-келген жерде сатуға тыйым салмас бұрын Мемлекттік техинспекция мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өртпен күрес қызметі тұрғындармен кеңескен. Әлеуметтік желілерде кез-келген жерде отшашу өнімдері мен петарда сатуға тыйым салуға қатысты ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Қатысушылардың 80 пайызы бұл бастаманы қолдайтын болып шықты. Олардың арасында пиротехниканы жолында кездескен жерде сатып алғанын мойындағандар да бар.