Бұл туралы қырғыз мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен хабарлады, деп жазды ТАСС.
"Президент жарлығына сәйкес, шеруді Қарулы күштердің Бас штабының бастығы Асанбек Алымкожоев қабылдайды", — деп хабарлады бөлімде.
Өткен жұма күні мемлекет басшысының кеңесшісі Фарид Ниязов баспасөз мәслихаты барысында 2015 жылы Жеңіс шеруі 9 мамырдан 7 мамырға ауыстырылатынын айтқан болатын.
"Ресми шешім әзірге шықпады, алайда бұл мәселе шешілді", — деген сол кезде Ниязов.