Қырғызстан ІІМ басшысы Ыстық-Көлде болған ТЖ туралы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан ІІМ басшысы Ыстық-Көлде болған ТЖ туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан ІІМ басшысы Ыстық-Көлде болған ТЖ туралы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министірі Мелис Турганбаев Ыстық-көлде "Керемет-Суу" демалыс орнында болған адам өлімімен қырғынға байланысты мәлімдеме жасады,

  • 14 Тамыз 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Today.kz Akipress.org сілтеме жасай отырып.

Үкімет отырысында Мелис Турганбаев жанжалдың неден шыққаны жайлы айтты. Жергілікті тұрғындар минералды қайнар бұлақта тегін шомылғысы келген. 

"И. Ашыровтың бір баласы басқа бір жігітті таспен басынан ұрған, соққы алған жігіт Ананьево ауылының ауруханасына бара жатқанда қайтыс болды", — дейді Турганбаев.

Полицияның мәліметіне қарағанда, жаппай төбелес туралы ақпарат түскен кезде, Ананьево ауылының АМБ қызметкерлері дереу жеткен. Алайда олар жеткенше, қайтыс болған жігіттің туыстары мен ауылдастары барлығы 400 ге жуық адам Ашыровтың үйін, жапсыра салынған үйлерін және де аулада тұрған "Мерседес", "Фольксваген" және "Мазда" автокөліктерін өртеп жіберген.


Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев Ішкі істер министірлігіне оқиғаны жете тексеруін бұйырды. 

"Адам өліміне кінәлілер де, біреудің мүлкін бүлдіргендер де жазалануы тиіс. Жүгенсіздікті тоқтату қажет", — деді Сариев.

Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жаппай төбелес фактісі бойынша Қырғызстан ІІМ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, 13 тамызда Ыстық-көлдің Орукту ауылында жаппай төбелес орын алып, артынша өртеу, қырғын, және де адам өлімімен аяқталған.

Соңғы жаңалықтар