Қырғызстан: Ош халқы әлі күнге дейін үрейден арылмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан: Ош халқы әлі күнге дейін үрейден арылмаған

Қырғызстан: Ош халқы әлі күнге дейін үрейден арылмаған

Бүгін Қырғызстанда еске алу күні. Тура бір жыл бұрын елдің оңтүстік аумағында үлкен ұлтаралық қақтығыс болып, шамамен 500 адам қаза болған. Осыған орай қазір Қырғызстанда мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал Ош қаласының тұрғындары әлі күнге дейін қауіптенеді. Қазір бұл қалада дүкен, дәмханаларжабық тұр. Тағы қақтығыс болып кетуі мүмкін деген үрей басым.

  • 11 Маусым 2011
  • 488
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың қайғылы күндерін еске алудың негізгі шарасы  Ош қаласында өтті. Ол жердің тұрғылықты халқы әлі күнге дейін үрейден арылмаған. Қауіптенетіндері соншалық,  дүкендер мен дәмханалар дәл осы күндері өз жұмыстарын да уақытша тоқтатып отыр. Оңтүстік астанада қайғылы сәттерді еске алысып, дұға оқылды және құрбан болғандарға арналып ескерткіш белгі қойылды. Әйткенмен бұның аяғы да у-шуға ұласты. Қаза болғандардың аналары кінәлілердің жазасын беруді сұрады.

Соңғы он жыл ішінде айырқалпақты ағайындылар бірнеше төңкеріс  жасап үлгерді. Оның бірі — Ақаев режимін құлатқан 2005 жылдың наурыз айындағы оқиға. Ол кезде мың жарым адам зардап шегіп, бесеуі қайтыс болған. Ал екіншісі – 2010 жылғы сәуірде Бәкиев билігінің құлауы. Төңкеріс кезінде қаза болғандардың саны 87 адамға жетті. Тағы бір үлкен қанды оқиға былтыр 10 маусымда елдің оңтүстігінде орын алды. Ұлтаралық қақтығыс 500 адамның өмірін жалмады. Қазір қырғыз балаларының өзі осындай төңкерістер туралы ойын ойнайды. Бұл қоғамда үлкен шу тудырғанымен,  қырғыз шенеуніктері «бұдан еш қорқудың қажеті жоқ» деп отыр.

Балалардың қолында тас орнында қатырылған қағаздар, “Бәкиев кетсін, кетсін!” деп айқай салып және мерт болған адамдарды сүйреп те жүр. Осыдан бір жыл бұрынғы қайғылы оқиғаларды оқушылар осылай еске алуда.


Керез Жүкеева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы:

— Болған оқиға желісі бойынша бұл жай ғана спектакль. Кезінде өзіміз де Зоя Космодемьянская мен Чолпонбай Төлебердиеваларды сомдап ойнағанбыз. Сол себепті онда тұрған ештеңе жоқ.

Жуырда Парламент депутаттары  7 сәуірді Ұлы халықтық төңкеріс күні деп жариялауды ұсынған болатын. Егер  ол  заңды түрде бекітілер болса, көрші елде төңкерістер күні бірнешеу болмақ.

Соңғы жаңалықтар