ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағынындай, Бақиев : » Осындай шаралар кезінде өздерін жарнамалау үшін, түрлі арандатушылық әрекеттерге баратындардың бар екені белгілі. Олардың арасында сайлау кезінде жеңіске қол жеткізе алмағандар да, оның қорытындыларымен келіспейтіндер де болады. Алайда, сайлау компаниясын саяси және әлеуметтік тұрақсыздық көзіне айналдыруға болмайды», дегенді қадап айтты.
Президент еске салғанындай, аймақтарда өткен сайлаулар кезінде талас-тартыс қарулы қақтығыстарға да әкеліп соққан. «Қазір мұндай оқиғалар қаталанбайды, өйткені сайлау партиялық тізім бойынша өтеді. Алайда, кейбіреулер бей-берекетсіздік болады деп қорқытуда. Бірақ құқық қорғау органдары саясаттан алшақ тұрғандықтан, үгіт насихатқа қатыспай, партиялардың мүдделерін қорғамайды.Сол арқылы олар елдегі жоғарғы заң шығарушы органның сайлауын ойдағыдай өткізуге мұрындық болмақ.
21 қазанда елде өткен референдумда, Конституцияның жаңа редакциясы қабылданғаннан кейін, парламенит таратылып, президенттің жарлығымен, Жогорку Кеңештің сайлауы 16 желтоқсанда белгіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті