Қырғызстан Парламенті конституцияға өзгеріс енгізу мерзімін белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Парламенті конституцияға өзгеріс енгізу мерзімін белгіледі

Қырғызстан Парламенті конституцияға өзгеріс енгізу мерзімін белгіледі

Қырғызстан Парламенті ел конституциясына өзгеріс енгізу үшін референдум өткізу мерзімін 11 желтоқсан деп белгіледі, деп хабарл

  • 3 Қараша 2016
  • 536
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Парламенті ел конституциясына өзгеріс енгізу үшін референдум өткізу мерзімін 11 желтоқсан деп белгіледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Құжатты қабылдау үшін жергілікті бір палаталы парламенттегі 120 депутаттың 89-ы қолдап, 16-сы қарсы болды. Кейін бұл құжатқа президент қол қояды.

Конституцияға өзгеріс енгізуді ел президенті мен парламенттегі кейбір партиялар  ұсынған. Бұл түзету Президент өкілеттігін қысқартып, Премьер-министр өкілеттігін ұлғайтады. Сондай-ақ, укімет құрылған кезде Премьер немесе вице-премьер Жоғарғы Кеңес (парламент – ред.) депутаты мандатын сақтап қалады.

Оппозициялық саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және құқық қорғаушылар мұны Президенттің өкілеттігін арттыруға бағытталған деп, түзетуге қарсылық білдіріп отыр.


Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев болса, мұндай жаланы жалған деп, өзінің не Премьер-министр, не парламент спикері болмайтындығын айтты.

Қазіргі конституция 2010 жылы қабылданған. Соның нәтижесінде басқарудың президенттік түрінен парламенттікке ауысты. Сондай-ақ, конституцияда 2020 жылға дейін өзгеріс енгізуге болмайды деген тармақ бар.

Соңғы жаңалықтар