Қырғызстан райынан қайтып Жамбыл облысына су жібере бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан райынан қайтып Жамбыл облысына су жібере бастады

Қырғызстан райынан қайтып Жамбыл облысына су жібере бастады

Айырқалпақты ағайындар райынан қайтты. Екі жақты келіссөзден кейін қырғыздар суды қайта қалыпты мөлшерде бере бастады. Жергілікті билік өкілдері енді Қордай ауданының жұрты ағын судың тапшылығын көрмейді деп сендіріп отыр.

  • 27 Маусым 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz


Алатау асып келетін арна суының деңгейін қырғыздар себепсіз үш есеге дейін азайтып тастаған. Соның кесірінен егістік алқаптарына су жетпей, шығынға батудан қауіптенген қордайлық шаруалар кеше шу шығарған болатын. Осыдан кейін шұғыл атқа қонған шенділер Қырғыз билігімен келіссөзге отырған. Айырқалпақты ағайындар суды енді қайта жеткілікті етіп жіберетін болды. Алайда, құдай қосқан көршілеріміз тағы да айнып қалуы ықтимал. Себебі осыдан отыз жылғы келісімге сәйкес Шу өзенінің 42 пайызын Жамбыл облысының жұрты тұтынуы тиіс болса, олар келісімді орындамай су мөлшерін екі есеге азайтқан. Енді оның өзін жырымдап, шаруаларды сергелдеңге салды.