Осындай консультациялар өткізу туралы шешімді Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қабылдаған. Көршілес мемлекеттің басшысы Оңтүстік Осетияда болып жатқан әскери қақтығыс оқиғаларынан бейбіт тұрғындар арасында көп адамның құрбан болуына алаңдаушылық білдірді. Ол Қырғызстан СІМ -іне қысқа мерзімде консультациялар жүргізуге тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті