Қырғызстан: Түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерлерге халықаралық іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан: Түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерлерге халықаралық іздеу жарияланды

Қырғызстан: Түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерлерге халықаралық іздеу жарияланды

Шу облысындағы СИЗО-50 бас бостандығынан айыру орнынан қашқан аса қауіпті қылмыскерлерге халықаралық іздеу жарияланды,

  • 13 Қазан 2015
  • 593
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады сейсенбі күні КирТАГ агенттігіне Қырғызстан Республикасының ІІМ-нен.

«Қазіргі кезде бүкіл республикада жедел-іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Қылмыскерлерге сондай-ақ халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстандағы тиісті ведомстволармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте біз Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарының органдарымен бірлесіп жұмыс істеудеміз», — деп хабарлады Қырғызстан Республикасы ІІМ-нен.

Қашып кеткен қылмыскерлерді іздеу жұмыстарына бүкіл жедел қызметтер жұмылдырылған.

Бұрын хабарланғандай, 12 қазанға қараған түні №50 түзеу мекемесінен тоғыз сотталушы қашып кеткен. Қашу кезінде олар түрменің үш қызметкерін қылқындырып өлтіріп, біреуінің басын бірнеше рет балғамен соққылаған.


Тоғыз қашқынның бесеуі ұсталды, олардың арасындағы жарақаты бар біреуі ауруханаға жеткізілді.

Төртеуі бостандықта жүр. Олардың екеуі өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Екеуіне қатысты тергеу амалдары жүргізілген. Барлығы діни экстремизм мен лаңкестік үшін жауапкершілікке тартылған. 

Соңғы жаңалықтар