Қырғызстан үкіметі көршілес республикаларды су электр станциясының құрылысына қатысуға шақырып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкіметі көршілес республикаларды су электр станциясының құрылысына қатысуға шақырып отыр

Қырғызстан үкіметі көршілес республикаларды су электр станциясының құрылысына қатысуға шақырып отыр

Бішкек. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі көршілес республикаларды су электр станциясының құрылысына қатысуға шақырып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов шетел мемлекеттерінің елшілерімен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 595
Фото - Caravan.kz

«Су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесінің реттелмеуінен Қырғызстанға өткен қыста Тоқтағұл су электр станциясының өндіретін электр қуатын арттыруға тура келді. Осыған байланысты алдағы қысқа жеткілікті су деңгейін жинақтап алу үшін көктем-жаз мезгілінде электр қуатын өндіру қысқарады. Осы себепті біз электр қуатының экспортын да азайтпақшымыз. Өңірдегі су және отын-энергетикалық тиімді ынтымақтастық үшін Қырғызстанда жаңа су электр станцияларын салу ісі айрықша маңыздылыққа ие болады деп санаймыз», — деп атап көрсетті И. Чудинов.

Қазіргі уақытта Қамбар ата — 1 мен Қамбар ата — 2 су электр станцияларына, сондай-ақ, Сарыжаз өзенінде жаңа су электр салуға инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. «Біз аталмыш жобаларға қызығушылықты қуана қабылдаймыз және серіктес елдердің оларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын талқылауға дайынбыз», — деп мәлімдеді премьер-министр.

Оның айтуынша, Қырғызстан «Еуроодақтың су бастамасына» «Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия» компоненттерін қосу бойынша Еуроодақ ұсынысын белсенді түрде қолдайды және аталмыш Стратегияның аясында Қырғызстан су державасы ретінде өңірдегі су энергетикалық мәселе бойынша жоғарғы деңгейдегі кездесуге бастамашы болуға үміттенеді. Сондай-ақ, Бішкекте Су энергетикалық академиясын құру бастамасын қолдап отырған Еуропарламентке алғысын білдіреді.

Біз бастамаларымыз Орта Азия елдері тарапынан жан-жақты қолдау табады деп сенеміз және су қоймаларын пайдалану шығындарын өзара бөлісу бойынша келіссөздер процесінің белсенділігін арттыруды ұсынамыз», — деді И. Чудинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті