Қырғызстанда 2008 жылы жергілікті бюджеттер үш деңгейлі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 2008 жылы жергілікті бюджеттер үш деңгейлі болады

Қырғызстанда 2008 жылы жергілікті бюджеттер үш деңгейлі болады

Бішкек. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін". Қырғызстанда 2008 жылы жергілікті бюджеттер үш деңгейлі болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі, Қырғызстан республикасының қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Президенттің жарлығы мен үкіметтің қаулысын орындау үшін, қаржы министрлігі үш деңгейлі бюджеттің жүйесін ескере отырып, бюджетаралық қатынастардың жаңа қағидасын бекітті, — деп хабарлайды ҚР баспасөз қызметі.

«Автономиялық қағидасы сақтала отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдары (ЖӨБ) өздерінің бюджеттерін дербес пайдалану реті қарастырылған. Өзін- өзі басқару органдары мен аудандар республикалық бюджетпен байланыстырылады», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Қаржы министрлігі енді тікелей ЖӨБ органдарымен жұмыс істесе, территориалдық бөлімшелері ауылды жерлерде қызметін атқаратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен аудандар (537 жалпы саны ) 5 топқа бөлінді: аудандық , облыс, республикалық қалалар, ауыл, аудандар.

Аудандық бюджеттің негізгі табысы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына кіретін, жұмыс берушілерге салынатын табыс салығы есебінен толтырылады. Ал жетіспеген бөліктің 25% — республикалық бюджеттен трансферт (грант) ретінде бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті