Қырғызстанда Бас прокурордың міндетін атқарушы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Бас прокурордың міндетін атқарушы тағайындалды

Қырғызстанда Бас прокурордың міндетін атқарушы тағайындалды

БІШКЕК. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда республиканың Бас прокурорының міндетін атқарушы болып Эльмурза Сатыбалдиев тағайындалды. Осы жөніндегі жарлыққа бүгін Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 20 Наурыз 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, осы жарлықпен Э. Сатыбалдиев Қырғызстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылған.

Бұрындары хабарлағанымыздай, кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев республиканың бас прокуроры Қамбарәлі Қонғантиевті қызметінен босатқан. Бұрынғы бас прокурор баспасөзге қырын қарағаны және сыбайлас жемқорлықпен тиімсіз күрескені үшін сынға ұшыраған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті